Эльжана Таниева Олимпиада қарсаңында Клуж-Напокадағы әлем кубогына қатысады

Эльжана Таниева Олимпиада қарсаңында Клуж-Напокадағы әлем кубогына қатысады
Гимнастика

Olympic.kz

23-28 шілде аралығында Румынияның Клуж-Напока қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогы өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бұл бәсекеде Әлия Юсупова жаттықтыратын Эльжана Таниева сынға түседі. Аталған турнир гимнастар үшін Париж Олимпиадасының алдындағы шешуші турнир болмақ. Румыниядағы әлем кубогына көркем гимнастикадан Олимпиадаға жолдама алған 24 спортшы да қатысады. 

Айта кетейік, қазіргі таңда Эльжана Таниева Германиядағы жаттығу базасында дайындалып жатыр. Спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын Ташкенттегі лицензиялық Азия чемпионатында жеңіп алған болатын.