EURO-2024: Нидерланд құрамасы ширек финалға жолдама алды

EURO-2024: Нидерланд құрамасы ширек финалға жолдама алды
Футбол

prosports.kz

Роналд Куман жаттықтыратын Нидерланд құрамасы Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Румынияны 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Шабуылшы Коди Гакпо бір гол салды. Дониелл Мален дубль авторы атанды. Осылайша, Еуро-2024 ширек финалында Нидерланд құрамасы Түркиямен кездеседі.