Жеңіл атлетикадан Ташкенттегі турнирде ел қоржынына 4 медаль түсті

Жеңіл атлетикадан Ташкенттегі турнирде ел қоржынына 4 медаль түсті
Футбол

Olympic.kz

Өзбекстан астнасы Ташкентте жеңіл атлетикадан Silk Road to Paris халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған сында Қазақстан командасы төрт медаль еншіледі. 

Атап айтар болсақ, 200 метрге жүгіруден Ольга Сафронова, биіктікке секіруден Елизавета Матвеева, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Давид Ефремов чемпион болды. Ал, 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Юлия Башманова қола медаль иеленді.