Жанкүйерді балағаттаған Бағдат Қайыров кешірім сұрады
KazFootball.kz
«Ақтөбе» мен «Тобыл» арасындағы ойыннан кейін жанкүйерді балағаттаған Бағдат Қайыров ертеңіне әлеуметтік желідегі парақшасына ашумен айтқан бейәдеп сөзі үшін жанкүйерлерден кешірім сұрап, жазба жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Айта кетейік, 30 маусымда Қазақстан Премьер лигасының 13-туры аясында өткен кездесуде «Ақтөбе» командасы «Тобылдан» 3:4 есебімен жеңіліп қалған болатын. Матчтан соң «Ақтөбе» ойыншысының футболшыларды сынаған жанкүйерлердің біріне бейәдеп сөз айтқан сәті видеоға түсіп қалып, кейін ол желіде тарап кетті.
Осы әрекеті үшін Қайыров өкініш білдірген.
«Құрметті жанкүйерлер! Ойыннан кейінгі ситуация үшін кешірім сұраймын. Қандай жағдай болмасын, олай айту дұрыс емес, эмоцияға беріліп кеттім. Кейін ол жігітпен кездестім. Бір-бірімізден кешірім сұрадық. Жанкүйерлер әрдайым клуб үшін уайымдайды. Сын болса көтере білу керек. Қай ойыншы шықса да командаға көмектескісі келеді. «Тобыл» командасымен өткен ойын біз үшін сәтсіз болды», - деп жазды футболшы.