EURO-2024: Испания құрамасы Грузияны ірі есеппен жеңді

EURO-2024: Испания құрамасы Грузияны ірі есеппен жеңді
Футбол

championat.com

Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Испания мен Грузия құрамалары жасыл алаңда кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Кездесудегі алғашқы голды Грузия құрамасы салды. Бірақ доп испаниялық қорғаушы Ле Норманның аяғына тиіп Унаи Симон қорғаған қақпаға енді. 

Испаниялықтар осы автоголға 4 голмен жауап қатты. Матчтың 39-минутында Родри таблодағы есепті теңестірді. Ал, 51-минутта Фабиан Руис гол авторы атанса, 75-минутта Нико Уильямс 3:1 есебін тіркеді. Ойынның нүктесін 83-минутта Дани Ольмо қойды.