EURO-2024: Англия құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты

EURO-2024: Англия құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты
Футбол

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/4 финалына Англия құрамасы шықты, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Саутгейт футболшылары 1/8 финалда Словакияны 2:1 есебімен жеңді. Ойындағы алғашқы голды Словакия футболшылары салды. Шабуылшы Иван Шранц соққан гол Словакияны 1/4 финалға өтуге жақындатқандай көрінген. Тек ағылшындардың сапынан Джуд Беллингемнің ойынның 90+5-минутында соққан голы жағдайды толық өзгертті. 

Ал, экстратайм басталған сәтте Харри Кейн Англияны алға шығады. Ширек финалда Англия Швейцариямен ойнайды. Матч 6 шілдеде Дюссельдорф қаласында өтеді. Айта кетейік, бұған дейін турнир қожайыны Германия мен Швейцария ширек финалға жолдама алған.