EURO-2024: Португалияны жеңген Грузия плей-офф кезеңіне өтті

EURO-2024: Португалияны жеңген Грузия плей-офф кезеңіне өтті
Футбол

Vesti.kz

Грузия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Гельзенкирхенде өткен F тобының үшінші турындағы ойында Вилли Саньоль шәкірттері Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Екінші минутта Грузия құрамасының көшбасшысы Хвича Кварацхелия есеп ашты. 

Жылдам гол өткізіп алған португалиялықтар ойынды өз қолдарына алып, жиі шабуылға шықты. Бірақ ойынның алғашқы бөлігінде есеп өзгеріссіз қалды.

Екінші таймда да Грузия құрамасы бірінші болып есеп ашты. Ойынның 57-минутта грузиндер пенальти тебуге мүмкіндік алды. 11 метрлік айып соққысынан Жорж Микаутадзе мүлт кеткен жоқ. 

Тартысқа толы кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Осылайша, Грузия құрамасы төрт ұпай жинап, турнирдің плей-офф кезеңіне өтті. Бұл төрттікте португалиялықтар 6 ұпаймен топтан бірінші орынмен шықты. Ал, Чехияны 1:2 есебімен жеңген Түркия 6 ұпаймен F тобында екінші орын алды.