EURO-2024: Словакия мен Румыния тең тарқасты

EURO-2024: Словакия мен Румыния тең тарқасты
Футбол

Eurosport.com

Еуропа чемпионатында Е тобында өнер көрсететін Словакия мен Румыния құрамалары үшінші турдағы шешуші ойынды өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Франкфурттегі Deutsche Bank Park стадионындағы ойын тартысқа толы болды. Алдымен 24-минутта словакиялық жартылай қорғаушы Ондрей Дуда гол соғып құрамасын есепте алға шығарды. Араға 13 минут салып Румыния құрамасының жартылай қорғаушысы Разван Марин таразы басын теңестірді.

Кездесудің екінші бөлігінде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Қос құрама 1:1 есебімен тең тарқасты. Е тобында Румыния бірінші орынмен, Бельгия екінші орынмен, Словакия үшінші орынмен 1/8 финалға шықты. Ал, Украина Еуропа чемпионатымен қош айтысты.