Өскемендік команда гандболдан ел чемпионатының жүлдегері атанады
Ганболдан Суперлига әйелдер командалары арасында 32-ші Қазақстан Республикасының чемпионатында аяқталып, "Алтай-Восток" командасы қола медаль жеңіп алды . 6-12 маусым аралығында Астана қаласында ел чемпионаты өтті.
Қол добы спорт ойынының пайда болуы даниялық Нильсендер отбасындағы кездейсоқ жағдайға байланысты деп жорамалдайды спорт тарижын зерттеушілер, Ордруп қалашығындағы әйелдер гимназиясының оқытушысы Хольгер Нильсенге әйелі өз баллалары үшін жаңа спорт ойынын ойлап табуға өтініш етіпті, себебі, футболды сүйетін олар, доп теуіпөз үйінің барлық терезелерін сындырып болыпты дейді аңыз. Мұндай, кеннеттен болған оқиғаға тап болған. Нильсен жаңа спорт ойынын ойлап тауып, оған «гандбол» деп ат қойып, айдар тағады. Бұл ағылшындарша «ханд» - қол, «бол» - док деген мағынаны білдіреді. Ол футболдан - қақпа мен алаңда, баскетболдан - допты алып, онымен тек қана қолмен ойнау ережесін енгізеді.
Алдағы уақытта бұл спорт ойыны мен тек балалар ғана емес, қыз балалары да әуестенеда. Қол добы арнайы ережеге сәйкес ойнау 1917 жылы Германиада басталып, кейіннен бүкіл әлем ойынына айналады. Қол добы «үлкен» гандбол (11:11), «кіші гандбол» (7:7) болыпекіге бөлінеді. «Үлкен гандбол» - футбол алаңында, «кіші гандбол» - залда ойнайтын спорт ойынына айналда. Немістер XI олимпиадалық ойндарды өз елінде өткізуге рұқсат алғаннан кейін, ойынды олимпиада бағдарламасына енгізді (үлкен 11:11 гандбол ойынын). 1938-1966 жылдар аралығында қол добы ойынынан ұш мәрте әйелдер, жеті мәрте ерлер арасындағы дүниежүзінің біріншілігі өткізілді. 1958 жылдан бастап дүниежүзі федерациясы «кіші» (7:7) қол добы ойынына өтті. 1972 жылы қол добы (7:7) XX олимпиадалық бағдарламаға қосылып, бұл ойын Мюнхен қаласында өтті. Ал 1976 жылдан бастап қол добының ойнаушы әйелдер командасы да олимпиадалық ойындарға қатысып келеді.
Гандболшылардың өз халықаралық федереациясы бар (ИНФ), оның 120-ға жуық толық мүшелері бар. Спорттың бұл түрінің отаны Дания бола тұрып, қазіргі кезендегі ең көп тараған мемлекеттері: Шейцария, Германия, Франция, Югославия, Австрия. Гандбол (кол добы) қазіргі кезеңде Азия мемлекеттері халықтарының да сүйіп ойнайтын спортына айналды, сондықтан да ол 1982 жылы өткен Азия спорт ойындар бағдарламаларында төрден орын алды. Бразилияның Сан-Паулу қаласында Оңтүстік Америка чемпионаты мен Кубок үшін жарыс та өткізілді. Бұл дегеніміз, қол добы спорт ойынының халықаралық спорт түріне айналғанының дәлелі болмақ.
Қол добы спортының үш дүркін дүние жүзі чемпионы атанған бұрынғы Герман Демократиялық Республикасының (1971, 1975, 1978 жылдардағы) спортшы қыздар. 1976, 1980 жылдардағы олимпиада чемпионы атанған - ҚСРО қыздар командасы. Орыс мемлекетінің тарихында қол добы ойынының дамуы Харьков қаласынан жолдама алған. Бұл қаладағы гимназиялардың оқу бағдарламасына ойым 1909 жылдан бастап кірген. Осындай бірнеше жылды қамтитын, ерекше тарихы бар спорт түрінің қазіргі таңда жоғары деңгейде қызуғышылық туындатуы таңқаларлық емес.