EURO-2024: Мажарлар соңғы минутта жеңіске жетті, Германия мен Швейцария тең тарқасты

EURO-2024: Мажарлар соңғы минутта жеңіске жетті, Германия мен Швейцария тең тарқасты
Футбол

Prosports.kz

Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің үшінші турында А тобындағы Швейцария мен Германия, Шотландия мен Венгрия құрамалары арасындағы ойын өтті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Венгрия құрамасы 90+10 минутта Шотландия қақпасына жеңісті голды салып, үш ұпайды еншіледі. Ал, Швейцария мен Германия 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Осылайша, үш турда 7 ұпай жинаған Германия А тобынан бірінші орынмен шықты. 5 ұпайы бар Швейцария екінші орынға жайғасса, 3-4 орындарды Венгрия мен Шотландия бөлісті.