Роналду Еуропа чемпионатында бірден 4 рекорд жаңартты

Роналду Еуропа чемпионатында бірден 4 рекорд жаңартты
Футбол

instagram.com/euro2024

Танымал футболшы Криштиану Роналду Еуропа чемпионатында Португалия құрамасы сапында Түркияға қарсы өткен ойында 4 бірдей рекорд жаңартты, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Португалия құрамасының шабуылшысы құрлықтық доданың 2-турындағы кездесуде жасыл алаңға алғашқы минуттан бастап шықты. Kazinform ақпарат агенттігінің мәліметінше, Роналду осылайша  құрама сапында 19 ойын қатарынан Еуропа чемпионатына қатысқан алғашқы футболшы атанған. Бұл жөнінен ол итальяндық қорғаушы Леонардо Бонуччиді басып озды. Италиялық ойыншы Еуропа чемпионатында 18 ойын қатарынан жасыл алаңға шыққан еді.

Сондай-ақ португалиялық шабуылшы мансабында құрлықтық доданың финалдық сатысында 27 ойын өткізді. Жалпы, ол ұлттық құрама сапында 2003 жылдан бері 209 кездесуде 130 гол соғып үлгерді.

Оған қоса португалиялық құраманың көшбасшысы Еуропа чемпионаты тарихында үздік ассистент атағына лайық деп танылды. Түркиямен ойында ол Бруну Фернандешке нәтижелі пас шығарып берді. Бұл — құрлықтық доданың финалдық сатысындағы 27 ойынында жетінші нәтижелі пасы. Ол бұған дейінгі Чехия құрамасының ойыншысы Карела Поборскидің (6 нәтижелі пас) рекордын жаңартты.

Тағы айта кетерлігі, Криштиану Роналду Еуропа чемпионатындағы он төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ол да Еуропа чемпионатындағы рекордтық көрсеткіш саналады.