Юлия Путинцева Бирмингем WTA 250 турнирінің чемпионы атанды

Юлия Путинцева Бирмингем WTA 250 турнирінің чемпионы атанды

instagram.com/yulia_putintseva

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Prosports.kz спорттық порталының мәліметінше, отандасымыз финалда аустралиялық Айла Томляновичтен айласын асырды. Қорытынды есеп - 6:1, 7:6.

Осылайша, Путинцева алғаш рет көгал төсенішіндегі WTA жарысында топ жарды.

Айта кетейік, ол бұған дейін ол 2019 жылы Нюрнберг, 2022 жылы Будапешт додасында жеңімпаз атанған еді.