Путинцева Бирмингем турнирінің финалына шықты

Путинцева Бирмингем турнирінің финалына шықты
Теннис

ktf.kz

Юлия Путинцева Бирмингем WTA 250 турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Отандасымыз жартылай финалда әлемнің 44-ракеткасы, италиялық Элизабетта Кочареттоны екі сет қорытындысы бойынша жеңді.

Матч 1 сағат 23 минутқа созылды. 

Юлияның финалдағы қарсыласы ресейлік теннисші Анастасия Потапова мен аустралиялық Айла Томлянович арасындағы ойында анықталады.