EURO-2024: Португалия Түркияға жауапсыз 3 гол соқты
UEFA.com
Португалия мен Түркия құрамалары Еуро-2024 топтық кезеңінің екінші турындағы ойынын өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Екі құрама арасындағы кездесуде Португалия футболшылары 21-минутта гол соғып, есепте алға шықты. Жартылай қорғаушы Бернарду Силваның алыстан бағыттаған соққысын Түркия қақпашысы Алтай Байиндыр қайтара алмады. Араға 7 минут салып, таблодағы есепке өзгеріс енді. Қорғаушы Самет Акайдын қақпашыға пас беремін деп өз қақпасына гол соғып алды.
Кездесудің екінші таймында Португалия футболшылары үшінші допты торда тулатты. Гол авторы - Бруну Фернандеш.
Әрмен қарай Түркия құрамасы шабуылды үдете түсіп, есеп айырмасын қысқартуға тырысты. Қапталдан 9 бұрыштама (бірінші таймда 3) көтерді. Бірақ Монтелла жаттықтыратын құрама футболшылары Кошта қорғаған қақпаның кілтін таба алмады. Осылайша ойын 3:0 есебімен аяқталды.