EURO-2024: Украинаның камбэгі, Аустрияның ірі жеңісі және қос мықты арасындағы тең ойын

EURO-2024: Украинаның камбэгі, Аустрияның ірі жеңісі және қос мықты арасындағы тең ойын
Футбол

UEFA.com

Бүгін Еуропа чемпионатының екінші турындағы үш кездесу өтті. Алдымен жасыл алаңға Е тобындағы Словакия мен Украина құрамалары шықты, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Матчтың 17-минутында Словакия гол соғып, Иван Шранц мергендімен көзге түсті. Ойындағы келесі голды Украина футболшысы салды. Николай Шапаренко 54-минутта қақпаны дәл көздеп, есепті теңестірді. Оған голдық пасты Олександр Зинченко берді. Ал, жеңісті гол кездесудің 80-минутында соғылды. Құрамасына маңызды ұпайды сыйлаған Роман Яремчук ойынның басты қаһарманы атанып шыға келді. Осылайша Украина қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, топтық кезеңге шығуға мүмкіндік алды. 

Айта кетейік, алғашқы турда Словакия құрамасы Бельгиядан 1:0 есебімен басым түссе, украиналықтар Румынияға 0:3 есебімен жеңілген болатын. Осы топтағы құрамалар Румыния мен Бельгия арасындағы кездесу маусымның 22-і күні өтеді. Аталған топтағы үшінші тур ойындарында Украина мен Бельгия, Словакия мен Румыния кім мықтыны анықтайды. 

Берлиндегі «Олимпиаштадионда» Польша мен Аустрия құрамалары алаңға шықты. Ойын 3:1 есебімен аустриялықтардың пайдасына аяқталды. 9-минутта Гернот Траунер, 66-минутта Кристоф Баумгартнер және 78-минутта пенальтиден Марко Арнаутовичтен гол соқты. Польша құрамасы сапында жалғыз голды Кшиштоф Пентек (30-минут) салды.

Топтық кезеңнің үшінші турында Аустрия Франциямен, Польша Нидерланд құрамасымен шеберлік байқасады. Екі ойын да 25 маусымда өтеді.

Еуропа чемпионатының екінші турындағы басты кездесуде Нидерланд пен Франция құрамалары тең түсті. D тобындағы матч Лейпциг қаласында өтті. Кездесуде есеп ашылған жоқ. Ойын 0:0 есебімен аяқталды. 69-минутта Хави Симонс көзге түскен, бірақ футболшының добы есепке алынбады.

Матчқа Аустрияға қарсы кездесуде мұрнын сындырып алған франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе қатысқан жоқ. Бұл ойыннан кейін D тобында Нидерланд 4 ұпаймен көш басына шықты. Екінші орындағы Францияда да 4 ұпай бар. Ал, Аустрия 3 ұпаймен үшінші орында келеді. Польша құрамасы екі ойын бойы ұпай еншілеген жоқ.

Енді 25 маусымда Нилерланд пен Аустрия, Франция мен Польша кездеседі.