Футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде төмен сырғыды

Футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде төмен сырғыды
Футбол

Nur.kz

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Бірінші орынға әдеттегідей Аргентина құрамасы жайғасқан. Франция да өз орнын (2) сақтап қалған. Бельгия үздік үштікті түйіндеп тұр.

Қазақстан құрамасы өткен нәтижеге қарағанда төмен сырғып, 109-орынды мәсе тұтты.

Айта кетейік, жуырда футболдан еліміздің бас құрамасы Руслан Балтиевтің жетекшілігімен екі жолдастық кездесу өткізген. Футболшыларымыз қос ойында да қарсыластарына есе жіберді. Армениядан 1:2, Әзербайжанға 2:3 есебімен жеңілді.