EURO-2024: Португалия Грузиямен ойында камбэк жасады

EURO-2024: Португалия Грузиямен ойында камбэк жасады
Футбол

UEFA.com

Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің бірінші турында Португалия құрамасы Чехия құрамасын жеңіп, үш ұпайға ие болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

F тобындағы матч 2:1 есебімен аяқталды. Португалия құрамасы жеңіліп жатып, ойынның соңында жеңісті жқлып алды. Кездесудегі бірінші голды қорғана жүріп шабуылдаған Чехия құрамасының футболшысы салды. 62-минутта Лукас Провод қақпаға қақырата соққы бағыттап, теңбіл снаряд тор ішінде тулады. Ары қарай қуғыншыға айналған Португалия футболшылары қарқындарын одан сайын үдете түсті. Ақыры үсті-үстіне жасалған шабуылдың бірі нәтижесін берді. Португалия ойыншысының соққысын қайтарған қақпашы допты чехиялық қорғаушы Робин Граначтың аяғына салып берді. Ал, футболшы абайсызда өз қақпасына гол соғып алды.

Ойын аяқталар тұста қосалқы құрамнан алаңға ауысып шыққан Франсиско Консейсао құрамасына жеңіс сыйлап, джокер екенін көрсетті. Осылайша Португалия құрамасы алғашқы ойында үлкен қиындықпен жеңіске жетті.