EURO-2024: Түркия құрамасы Грузияны 3:1 есебімен жеңді

EURO-2024: Түркия құрамасы Грузияны 3:1 есебімен жеңді
Футбол

UEFA.com

Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің бірінші турында Түркия құрамасы Грузияны 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Ойындағы бірінші Түркия сапынан Мерт Мулдур соқты. Ол 25-минутта өз құрамасын есепте алға шығарды. Араға 7 минут салып Грузияның шабуылшысы Георгий Микаутадзе таразы басын теңестірген. Алайда екінші таймда «Реал Мадрид» ойыншысы Арда Гюлер көзге түсті. Түркиялық футболшы 65-минутта таблодағы есепке өзгеріс енгізді. Ал, ойындағы қорытынды есепті 90+7-минутта Керем Актүркоғлу тіркеді.