Төлебиде дзюдодан респбуликалық жарыс басталды

Төлебиде дзюдодан респбуликалық жарыс басталды
Дзюдо

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы спорт кешенінде 26 маусым – «Нашақорлықпен күрес» күніне орай дзюдодан Төлеби ауданы әкімінің кубогы сарапқа салынды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Спорттық сайысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Түркістан облысының барлық аудандарынан 30 команда, 500-ге жуық спортшы қатысып жатыр. 

Ауқымы кең байрақты бәсекеде сөз сөйлеген Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол сондай-ақ спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше екенін, дене шынықтыруға ден қойғандардың көңіл-күйі, денсаулығы мықты әрі шыдамды болатынын жеткізді.

Айта кетейік, аудан тұрғындарының спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау және ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында қазірдің өзінде 206 спорттық нысан жұмыс істейді.