EURO-2024: Франция құрамасы Аустрияны қапы қалдырды

EURO-2024: Франция құрамасы Аустрияны қапы қалдырды
Футбол

Uefa.com

Футболдан Еуропа чемпионатының D тобындағы Аустрия мен Франция құрамалары арасындағы ойын Дидье Дешам футболшыларының жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Матчтағы жалғыз голды кездесудің 38-минутында аустриялық Максимилиан Вёбер өз қақпасына абайсызда енгізіп алды. Ойынның екінші кезеңінде де қос құрама футболшыларының гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болды. Алайда есеп өзгеріссіз қалды. Осылайша Франция қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.