Қазақстандық мергендер стенд атудан Италиядағы турнирде күміс жүлде алды

Қазақстандық мергендер стенд атудан Италиядағы турнирде күміс жүлде алды
Спорттық ату

olympic.kz

22 мамырда Италияның Тодо қаласында басталған спорттық атудан Green Cup халықаралық турнирінде Қазақстан жастар құрамасы жүлдегерге қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, стенд атудан командалық жарыста Қазақстан «скит» жаттығуы бойынша финалға шығып, күміс медаль иеленген. 

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Адель Садақбаева, Диана Сабекова, Ангелина Сорокина қорғады.

Айта кетелік, турнир әлі жалғасып жатыр. Қазақстан еншісінде жалпы есебі 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бар.