Қазақстан Армениядан жеңілді

Қазақстан Армениядан жеңілді
Футбол

Футболдан Қазақстан құрамасы Армениядан жеңілді, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Жолдастық кездесу Ереван қаласында өтті. Армения құрамасы кездесудің төртінші минутында есепте алға шықты. Қазақстан құрамасының қорғаушысы Александр Марочкин өз қақпасына гол соғып алды.

Ойынның екінші жартысында алаң иелері тағы бір нәтижелі соққы жасап кетті. Вахан Бичахчян голдың авторы атанды. 

Қазақстан құрамасы есеп айырмасын негізгі уақытқа қосылған минуттарда салды. Бауыржан Исламхан 11 метрлік айып добын дәл орындады. 

Осы кездесуде бас жаттықтырушы міндетін Руслан Балтиев атқарды. Енді Қазақстан 11 күні Әзірбайжан құрамасымен ойнайды.