Хоккейден Қазақстан құрамасы ойыншылары қай клубтарға ауысты?
hcadmiral.ru, Ольга Бугаева, icehockey.kz, shaiba.kz
Шайбалы хоккейден Қазақстан федерациясы ұлттық құрама ойыншыларының маусымнан кейінгі ауыс-түйістер кестесін ұсынды, деип хабарлайды BasSport.kz.
Алғашқылардың бірі болып «Адмиралмен» келісімшартын Леонид Метальников ұзартты, наурыз айында-ақ қорғаушы аталмыш клубпен бір жылға есептелген біржақты келісімге қол қойды. Ұлттық құрама үшін Леонид әлем чемпионаты мен олимпиадалық іріктеу аясында 31 матч өткізіп, барлығы 8 ұпай (3+5) жинады.
Тағы бір қазақстандық владивостоктық команда сапын толықтырды. «Барыстың» елеулі шығыны Аркадий Шестаковтың «Адмиралға» өтуі болды. Орталық шабуылшы ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатының 68 матчында 25 ұпай жинап, өз мансап жолындағы үздік маусымын өткізді. Әлемдік біріншілік алдында жасалған біржақты келісім бір маусымға арналған. Өткен әлем чемионаты Аркадий үшін мансабындағы бесіншісі және топ-дивизионда қатарынан келе жатқан төртіншісі болды. 2024 жылғы әлем чемпионатында 5 матч өткізіп, нәтижелі пас берді.
Елордалық «Барыс» Қазақстан құрамасының капитаны Роман Старченкомен келісімшартты ұзартты. Біржақты келісім бір жылға есептелген. Форвард өткен маусымда бір команда құрамындағы ойын саны (483) бойынша ҚХЛ рекордын жасап, 800 матчтық межені еңсерген лиганың оныншы ойыншысы атанды. Сондай-ақ шабуылшы ИИХФ-ның ересектер деңгейіндегі ресми турнирлерінде, оның ішінде барлық әлем чемпионаттары мен олимпиадаалды біліктілік турнирлерінде 100 матчқа жетті. Өткен әлем чемпионатында Старченко 7 кездесуде 5 (3+2) балл жинап, команданың үздік бомбардирі және сұрмергені атанды.
«Барыс» сәуір айының соңында тағы бір келісімшарт жасасты: Қазақстан құрамасының шабуылшысы Әлихан Әсетовпен келісімшарт ұзартылды, екіжақты келісім бір маусымға есептелген. Форвард үшін өткен әлем чемпионаты ұлттық құрама сапындағы алтыншысы, ал топ-дивизиондағы төртіншісі болды. 2023 жылғы әлем чемпионатында Әсетов бірінші ойында-ақ жарақат алып, командасына қалған матчтарда көмектесе алмады. Соңғы әлем чемпионатында ол 7 матчтың барлығында ойнады: гол салып, нәтижелі пас берді.
«Барыс» Самат Данияр, Дінмұхамед Қайыржан, Кирилл Никитин, Әлихан Өмірбеков, Аңсар Шайхмедденов, Андрей Шутов, Максим Мусоров сияқты ойыншыларға біліктілік ұсыныстар жасады. Оларға екі маусымдық мерзімге екіжақты келісімдер ұсынылды.
Шабуылшы Дмитрий Гренц Қазақстан чемпионы – көкшетаулық «Арлан» сапынан ташкенттік «Хумоға» ауысты. Шабуылшы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының негізгі құрамына енді, алайда турнир басында жарақат алуына байланысты командадан кетті. Маусымның қорытындысы бойынша Гренц PRO Hokei Ligasy-ның өткен маусымының ең құнды ойыншысы болып танылды.
Никита Михайлис «Металлургпен» өз келісімшартын қаңтарда-ақ 2026 жылдың мамыр айының соңына дейін біржақты келісімге қол қою арқылы ұзартты. Қазақстан құрамасы құрамында форвард 49 матч өткізді, оның ішінде бірінші дивизиондағы үш әлем чемпионаты және топ-дивизиондағы төртеуі, сонымен қатар Азия ойындары мен олимпиадаалды біліктілік турнирлері бар.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры