"Барыс" Америкада ойнаған хоккейшімен келісім жасасты

Хоккей

"Барыс" хоккей клубы Андрей Буялскиймен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстандық шабуылшымен біржақты келісім 2025 жылдың 31 мамырына дейін есептелген. Қазақстанда Буяльский Қарағанды "Сарыарқа" және "Алматы" хоккей клубтарының жүйесінде өнер көрсетті. 2021 жылы оны Ұлттық хоккей лигасындағы "Колорадо Эвеланш" клубы драфтаған еді. Андрей Буяльский соңғы үш маусымды NCAA - да Вермонт университетінде құрамында өткізді. Өткен маусымда хоккейші 25 матч өткізіп, 11 (3+8) ұпай жинады. Сондай-ақ, Буяльский Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларында тұрақты өнер көрсетеді.

"Буялский - өз қатарластарының ішіндегі ең дарынды қазақстандық орталық шабуылшылардың бірі. Біз оның Солтүстік Америкадағы мансабын жіті қадағаладық. Ол жақта спортшы күшейіп, жаңа дағдыларға ие болды. Университетте оқуын аяқтағаннан кейін Андрей Қазақстанға оралу туралы шешім қабылдады. Біз тез арада келісімге келдік", - деді "Барыстың" бас менеджері Олег Болякин.