Демеу Жадыраев тартысты белдесуде жеңіске жетіп, Олимпиадаға жолдама алды

Демеу Жадыраев тартысты белдесуде жеңіске жетіп, Олимпиадаға жолдама алды
Күрес

Бішкекте өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Грек-рим күресінен 77 келіде сынға түскен Демеу жартылай финалда Оңтүстік Корея балуанын 5:2 есебімен ұтты.

Бұған дейін 60 келідегі Айдос Сұлтанғали жолдама иеленген болатын.

Ал 67 келідегі Мейіржан Шермаханбет жапон спортшысына жол берді.