Айдос Сұлтанғали Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Айдос Сұлтанғали Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
Күрес

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Айдос Сұлтанғали Бішкектегі іріктеу турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

60 келі салмақта сынға түскен Айдос жартылай финалда Қытайлық Тайпей балуанын айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша, Айдос Сұлтанғали Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді.

Айта кетелік, Айдос әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионы.