Олимпиадаға іріктеу: Грек-рим күресінен 4 қазақстандық балуан жартылай финалға өтті

Олимпиадаға іріктеу:  Грек-рим күресінен 4 қазақстандық балуан жартылай финалға өтті
Күрес

Бішкекте күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр. Бүгін грек-рим күресінен жолдама иегерлері анықталады, деп жазады Bassport.kz. 

Қазақстан сапынан төрт балуан жартылай финалға жетті. Олар - Айдос Сұлтанғали (60 келі), Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Демеу Жадыраев (77  келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі). 

Ширек финалда Сұлтанғали тәжік балуанын 2:1 есебімен жеңсе, Шермаханбет былтырғы Азия чемпионы Аброр Атаебаев 6:3 есебімен сан соқтырды.

Демеу Жадыраев пен Әлімхан Сыздықов жартылай финалда түркіменстандық балуандардыайқын басымдықпен ұтты.

Ал 97 келідегі Олжас Сырлыбай бірінші белдесуде жеңіліп қалды. 

Жартылай финал жұптары:

60 келі: Айдос Сұлтанғали - Джи Ши Хуанг (Қытайлық Тайпей)

67 келі: Мейіржан Шермаханбат - Киоатро Сагобе (Жапония)

77 келі: Демеу Жадыраев - Довон Ли (Оңтүстік Корея)

130 келі: Әлімхан Сыздықов - Роман Ким (Қырғызстан)