Артем Матусевич жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде алды

Артем Матусевич жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде алды
Басқа

ҰОК

Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Артем Матусевич жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Отандасымыз ерлер арасындағы жеңіл салмақтың жекелей сынында 07:01.56 уақытта мәреге үшінші болып жетіп, қола медаль жеңіп алды. Алтын жүлдені португалиялық Жоау Велозу (06:59.96) иеленсе, күміс медаль Грекия өкілі Ангелос Каудиске (07:00.62) бұйырды.