Бүгін қазақ боксшылары шешуші жекпе-жектерін өткізеді

Бүгін қазақ боксшылары шешуші жекпе-жектерін өткізеді
Бокс

Бүгін Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан олимпиадалық іріктеу турнирінде ширекфиналдық кездесулер өтеді. Осы айналымда жеңіске жеткен боксшылар Париж Олимпиадасына жолдама алады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Күндізгі сессияда Қазақстан атына екі былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады. 

17:30. 92 келі. Айбек Оралбай - Джамар Талли (АҚШ)

19:30. 75 келі. Валентина Хальзова - Синди Нгамба (Ұлыбритания)

Кешкі сессияда ел намысын бес спортшы қорғайды. 

23:00. 50 келі. Алуа Балқыбекова - Карина Макси Клецер (Германия)

00:00. 51 келі. Сәкен Бибосынов - Киран Макдональд (Ұлыбритания)

00:30. 57 келі. Махмұд Сабырхан - Асрор Вохидов (Тәжікстан)

00:45. 71 келі. Асланбек Шымбергенов - Сархан Әлиев (Әзірбайжан)

01:30. 80 келі. Нұрбек Оралбай - Келин Кессиди (Ирландия).

Тікелей эфир Qazsport телеарнасында болады.