Валентина Хальзова ширек финалға шықты

Валентина Хальзова ширек финалға шықты
Бокс

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік іріктеу кезеңінде 75 келідегі Валентина Хальзова келесі айналымға өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.


Біздің спортшы 1/8 финалда жастар арасындағы әлем чемпионы Бусра Исилдарды 4:1 есебімен жеңді. Айта кетейік, бұл салмақта Париж Олимпиадасының 4 жолдамасы беріледі. Енді Хальзова шешуші кезесуін 11 наурызда өткізеді.