ПСЖ Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты

ПСЖ Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
Футбол

AFP

«ПСЖ» Чемпиондар лигасының 1/8 финалының қарымта матчында «Реал Сосьедадты» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Кездесу Сан-Себастьяндағы «Реал Арена» стадионында өтті. Ойынның 15-минутында Килиан Мбаппе Усман Дембеленің пасын голға айналдырды.

Екінші таймның басында дубль авторы атанды. Ал кездесу соңына қарай алаң иелерінен Микель Мерино гол соғып, есептегі айырмашылықты қысқартты.

Алғашқы кездесу париждіктер 2:0 есебімен жеңіске жеткен, сондықтан Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды.