ПСЖ президенті Энрике мен Мбаппе арасындағы кикілжіңге қатысты жауап берді

ПСЖ президенті Энрике мен Мбаппе арасындағы кикілжіңге қатысты жауап берді
Футбол

«ПСЖ» ФК

«ПСЖ» президенті Нассер Әл-Хелаифи команданың бас бапкері Луис Энрике мен шабуылшы Килиан Мбаппе арасындағы кикілжіңге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Мбаппе мен Энрике арасындағы кикілжің дейсіз бе? Бәрін бапкер шешеді. Біз қай жағдайда да бапкерді жақтаймыз. Ең бастысы, бұл - «Пари Сен-Жермен» командасы, — деді Әл-Хелаифи RMC Sport-қа берген сұхбатында.

Мбаппе «ПСЖ» сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетеді. 25 жастағы футболшы париждіктермен бірге 13 трофей ұтып алды.

Ал биылғы маусымда барлығы 34 матчта 34 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Оның клубпен келісімшарты маусым соңында аяқталады.