5 наурызда Италия шаршы алаңына қазақстандық боксшылардан кімдер шығады

5 наурызда Италия шаршы алаңына қазақстандық боксшылардан кімдер шығады
Бокс

ҚР ҰОК

Бүгін, 5 наурызда, Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының сапынан екі боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ел құрамасынан шаршы алаңға ерлер арасында 63,5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлы Тринидад және Тобагодан келген Доннел Филлиппен қолғап түйістіреді. Сондай-ақ Асланбек Шымбергенов (80 келі) пен Сэм Моровати (Финляндия) шаршы алаңға шығады.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (57 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) қарсыластарын жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Былғары қолғап шеберлері ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдамаға таласады. Турнир 3-12 наурыз аралығында өтеді.