Жекелей қылыш сайысының өкілдері әлем біріншілігін аяқтады
ҰОК
Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей қылыш сайысының плей-офф кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
Плей-оффтың алғашқы кезеңінде Карина Доспай, Айгерім Сарыбай және Анастасия Гулик бақ сынады. Карина Доспай Италия өкілі Микела Баттистоннан 7:15 есебімен жеңілді. Айгерім Сарыбай Оңтүстік Корея спортшысы Чон Хаёнға 10:15 есебімен есе жіберді. Ал Анастасия Гулик Венгрия өкілі Катинка Баттайдан 7:15 есебімен жеңіліп, жүлде жолындағы жарысын тәмамдады.
Алдағы уақытта Қазақстанның ерлер құрамасынан сапы бәсекесінен Руслан Курбанов пен Кирилл Проходов үздік 16 спортшының қатарына жолдама алу үшін сынға түседі.
Айта кетелік, Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатында үздік 32 спортшының қатарына енген еді.