Айбота Ертайқызы Эстониядағы турнирде екі медаль жеңіп алды

Айбота Ертайқызы Эстониядағы турнирде екі медаль жеңіп алды
Гимнастика

Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Эстонияның Тарту қаласында көркем гимнастикадан дәстүрлі «Мисс Валентайн» Гран-приі аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 30 мемлекеттен таңдаулы 33 спортшы қатысқан жарыста отандасымыз Айбота Ертайқызы 2 медаль жеңіп алды.

Ұлттық құрама өкілі доппен өнер көрсетуде күміс жүлдегер атанса (32.700 балл), шығыршық жаттығуында қолаға (32.550 ұпай) ие болды. Сондай-ақ Айбота ұршық және лентамен өнер көрсетуде финалға шығып, жүлдеге бір табан жетпей, 4-сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, «Мисс Валентайн» турнирі 1995 жылдан бері тұрақты өтеді. 2020 жылдан бастап бұл жарыс көркем гимнастикадан халықаралық Гран-при сериясына қосылған.