«Реал» Мбаппемен келісімшартқа қол қойды

«Реал» Мбаппемен келісімшартқа қол қойды
Футбол

РИА Новости

Relevo басылымының мәліметінше, Мадридтің «Реалы» «ПСЖ» шабуылшысы Килиан Мбаппемен келісімге келді, деп хабарлайды BasSport.kz.

25 жастағы футболшы клубпен келісімшарттың соңғы пункттерін пысықтап жатқан көрінеді. Келісім алдағы аптада жасалғанымен, оның «корольдік» клубқа ауысқаны жайлы ресми түрде маусым соңында айтылады.

Мбаппе 2024 жылдың 1 шілдесінде «Реалға» ауысады.

Биылғы маусымда Килиан Мбаппе «ПСЖ» сапында 32 матчта 32 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Париж клубы сапында 2018 жылдан бері ойнайды.

Transfermarkt.de Мбаппенің құнын 180 миллион еуроға бағалайды.