Испаниялық шабуылшы «Астанада» қомақты жалақы алады

Испаниялық шабуылшы «Астанада» қомақты жалақы алады
Футбол

Грекияның «Ламия» клубының испаниялық шабуылшысы Карлитостың «Астанадағы» жалақысы белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

БАҚ мәліметінше, Карлитос елорда клубымен екі жылдық келісімшартқа отырады, ал оның жалақысы 1,4 млн еуро болады. «Ламия» трансфер үшін 300 мың еуро алады.

Биылғы маусымда 33 жастағы Карлитос «Ламия» сапында 21 матчқа қатысып, 10 гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.

«Ламияға» дейін испаниялық өз елінде «Торрельяно», «Эльче», «Онтеньенте», «Фуэнлабрада», «Новельда», «Эльденсе» және «Вильярреал Б» клубтарында, сонымен қатар Ресейдің «Петротрест», Кипрдің «Арис», Польшаның «Висла» мен «Легия», БАӘ-нің «Әл-Вахда» және Грекияның «Панатинаикос» клубтарында ойнаған.