Мессидің Instagram-дағы оқырманы 500 млн-ға жетті

Мессидің Instagram-дағы оқырманы 500 млн-ға жетті
Футбол

Tribuna

«Интер Майами» клубы мен Аргентина шабуылшысы Лионель Мессидің Instagram-дағы оқырманы 500 млн-ға жетті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұған дейін мұндай көрсеткішке португалиялық Криштиану Роналду ғана жеткен. Қазір «Әл-Наср» шабуылшысының оқырман саны 622 млн.

Instagram-да ең танымал жұлдыздар арасында Мессиден кейін Селена Гомес (429 млн), Кайли Дженнер (400), Дуэйн Джонсон (396) келеді.

Аргентина шабуылшысы Катарда өткен әлем чемпионатынан кейінгі жазбасы ең көп қаралым жинаған. Мессидің 72% оқырманын ерлер құрайды.