Қазақстандық маман теннистен мінбедегі төрешінің қола белгісін алды
Теннис
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық қазы Владлена Саменкова теннистен мінбедегі төрешінің қола белгісіне ие болды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.
Ақтөбелік Саменкова еліміздің батыс аймағынан алғашқы болып осындай халықаралық санатқа қол жеткізді. Қола белгісі бар төрешілер WTA челленджерлері мен жарыстарында, АТР додаларының бастапқы сатысында, «Үлкен дулыға» турнирінің іріктеу сайыстарында, сондай-ақ жұптық матчтар мен микстерде қазылық етеді.
Соңғы жылдары Silver badge және Bronze badge санаты бар халықаралық дәрежедегі төрешілер қатарына Қазақстаннан Юлия Игнатченко, Меруерт Каукеева, міне, енді Владлена Саменкова қосылды.