Холанд өзінің пента-тригіне қатысты пікір білдірді
Футбол
Чемпионат
Англияның «Манчестер Сити» клубының ойыншысы Эрлинг Холанд Англия кубогында «Лутон» қақпасына соққан бес голынан шағын сұхбат берді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Өз бабыма еніп келемін. Өзімді жақсы сезініп тұрмын, бәрі керемет. Жеңістің бәрі алда, - деді Холанд.
Бұл кездесу 6:2 есебімен «қалалықтар» пайдасына шешілді.
«Манчестер Сити» сапында Матео Ковачич пен Эрлинг Холанд көзге түсті. Ал «Лутоннан» Джордан Кларк дубль авторы атанды.
Осылайша Хосеп Гвардиола шәкірттері турнирдің ширек финалына шықты.
Сонымен қатар ширек финалда «Ковентри» мен «Лестер» ойнайды. Ширек финалдық барлық қатысушысы 29 ақпанда анықталады.