«Астана» испаниялық шабуылшыны қатарына қоспақ

«Астана» испаниялық шабуылшыны қатарына қоспақ
Футбол

Gazetta.gr

Грекияның «Ламия» клубының испаниялық шабуылшысы Карлитос «Астана» сапын толықтырады. Бұл туралы KazFootball.kz сайтына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Грекияның «Ламия» клубы мен «Астана» 33 жастағы футболшының трансфері жайлы келісімге келген.

Басылым мәліметінше, трансфер құны 300 мың еуро (145 млн теңге) болмақ. Карлитос «Ламия» сапына былтыр еркін агент ретінде қосылған.

Бұған дейін Польшаның «Легия» клубында ойнады.

Биылғы маусымда ол «Ламияда» 21 матч өткізіп, 10 гол соқты және бес нәтижелі пас берді.