Эрлинг Холанд 54 жыл бұрынғы рекордты қайталады

Эрлинг Холанд 54 жыл бұрынғы рекордты қайталады
Футбол

Sport5.by

«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы Джордж Бесттің рекордын қайталады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Естеріңізде болса, Бест 1970 жылғы Англия кубогында бес гол соққан. Opta Sports мәліметінше, Англия кубогының 1/8 финалдық матчында «Лутон Таунға» қарсы ойында (6:2) норвегиялық 58 минутта пента-трик жасады.

Қарсыластар бұған дейін АПЛ-нің бірінші турында кездесіп, «Манчестер Сити» сырт алаңда «Лутонды» Джек Грилиштің арқасында оп-оңай жеңген.

Холанд «Манчестер Ситиге» 2022 жылы жазда Дортмундтың «Боруссия» клубынан ауысып келді.

Бұл маусымда ол «қалалықтар» сапында барлық матчта 30 ойын өткізіп, 25 голмен көзге түсті.

Transfermarkt Холандты € 180 млнға бағалайды.