Лига кубогының жеңімпазы анықталды

Лига кубогының жеңімпазы анықталды
Футбол

championat.com

Лига кубогының финалында «Челси» мен «Ливерпуль» кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ойын Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтіп, Крис Кавана матч төрешісі болды.

Ойын 1:0 есебімен мерсисайдтықтардың пайдасына шешілді. 32-минутта Рахим Стерлинг гол соққанымен, төреші офсайдқа байланысты есеп ашқан жоқ. Ал 60-минутта әуеден келген пасты Вирджил Ван Дейк дәл қабылдап, қақпаға бұрышына бағыттап еді, қақпашы қайтара алмады. Бірақ бұл жолы да офсайдқа байланысты гол есептелмеді. Алайда Ван Дейк дегеніне 118-минутта жетті, бұл жолы да әуеден келген пасты баспен қақпаға бағыттап, ол тоғыздықтан табылды. 

«Челси» - «Ливерпуль» - 0:1

Жартылай финалда «Челси» екі матч қорытындысы бойынша «Мидлсброны» ұтты - 6:2.

Ал «Ливерпуль» «Фулхэмнен» басым түсті - 2:1.