«Арсенал» ерекше нәтижеге гол жеткізді

«Арсенал» ерекше нәтижеге гол жеткізді
Футбол

©twitter.com/Arsenal

«Арсенал» футболшылары өз алаңдарында ерекше нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Зеңбірекшілер» АПЛ-ның 26-туры аясында өз алаңында «Ньюксалды» 4:1 есебімен жеңді. Алаң иелері 18-минутта Свен Ботман соққан голдың арқасында есепте алға шықса, 24-ші, 65-ші және 69-минуттарда Кай Хаверц, Букайо Сака және Якуб Кивер есеп айырмасын ұлғайта түсті. Ал қонақтар сапында 84-минутта Джо Уиллок мергендігімен көзге түсті.

Opta Sports мәліметінше, «Арсенал» қатарынан 7 таймда +2 гол соққан АПЛ-дағы алғашқы клуб атанып отыр.

Ал Букайо Сака 1994 жылдан бері «Арсенал» сапында АПЛ-да қатарынан 5 матчта гол соққан ағылшын ойыншы атанды.