Жорди Альба «Интер Майамиге» ауысуының себебін түсіндірді

Жорди Альба «Интер Майамиге» ауысуының себебін түсіндірді
Футбол

XSPORT.ua

«Интер Майами» қорғаушысы Жорди Альба американдық клубқа ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жеңістен шаршамаймын. Жарысты жалғастырып, жеңіске жете бергім келеді. Бұл ой маған шабыт бермесе, мен мұнда келмес едім. Футбол ойнамастан, үйімде отырар едім.
МЛС-де өнер көрсету мүмкіндігі қызық болып көрінді. Одан бөлек Лео Месси мен Бускетсті көргім келді, қазір қатарымызға Луис Суарес қосылды. Мұның бәрі шешіміме әсер етті, — деді испаниялық CBS Sports-қа берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, «Барселонаның» бұрынғы қорғаушысы Жорди Альба «Интер Майами» сапына 2023 жылы қосылды. Оның қолданыстағы келісімшарты 2024 жылдың соңына дейін жасалған.