Лионель Месси АҚШ-тағы ең танымал спортшы атанды

Лионель Месси АҚШ-тағы ең танымал спортшы атанды
Футбол

Sam Navarro / USA Today Sports / Reuters

Америкалық "Интер Майами" футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси АҚШ-тағы ең танымал спортшы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

 SSRS жүргізген зерттеудің нәтижесі осыны көрсеткен. Зерттеу барысында 12 жастан асқан жергілікті спорт жанкүйерлері арасында сауалнама жүргізілді. Месси АҚШ тұрғындарының 5% дауысын жинаған. Бұл басқа спортшыларға қарағанда көбірек. Айта кетейік, бұрын-соңды бұл зерттеуде футболшы болған емес.  Аргентиналық шабуылшыға дейін бұл рейтингте баскетболшы Майкл Джордан бірінші орынды иеленіп келген.

Естеріңізге сала кетейік, Месси өткен жазда "Интер Майамиге" еркін агент ретінде қосылды. Содан бері ол барлық турнирлерде 15 матчқа қатысып, 11 гол және алты нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен келісімшарты 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін есептелген. Transfermarkt порталының мәліметіне сәйкес, бүгінде футболшының нарықтық құны 35 млн еуро.