Месси ойнайтын лига қазақстандық дизайнердің жұмысын бағалады

Месси ойнайтын лига қазақстандық дизайнердің жұмысын бағалады
Футбол

athleticsnyc.com

Американың футбол лигасы (MLS) қазақстандық дизайнердің жұмысын өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстандық спорт дизайнері Әділбек Қайса Instagram-дағы эмодзилер арқылы Месси мен Суарес ойнайтын "Интер Майами" және "Лос-Анджелес Гэлэкси" футбол клубтарының логотиптерін жасаған.

Отандасымыздың еңбегі қос команда арасындағы ойын алдында жарияланып отыр.

Айта кетейік, "Интер" мен "Гэлэкси" 26-ақпанда кездеседі.