«Астананың» бас бапкері «Спартакпен» жолдастық кездесудің қорытындысы туралы айтты

«Астананың» бас бапкері «Спартакпен» жолдастық кездесудің қорытындысы туралы айтты
Футбол

fcastana.kz

«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян Біріккен Араб Әмірліктеріндегі оқу-жаттығу жиыны аясындағы «Спартакпен» болған ойын туралы пікірін білдірді. Бұл туралы елордалық команданың ресми сайтына сілтеме жасап BasSport.kz хабарлайды.

– Біз мәскеулік «Спартакпен» соңғы бақылау матчын өткіздік. Бірінші таймда 2 команда арасында өте үлкен айырмашылық болды, қазіргі жағдайымызбен салыстырсақ, бірінші кезекте қозғалыста: «Спартак» жылдамырақ, сергек көрінді және қарсыластың шабуылдау тобының деңгейі де әсер етті. Екінші таймда қарсыласқа бірнеше рет гол соғатын мүмкіндіктер болды, бірақ бір жерде байсалдылық, бір жерде шаршау мен күйзеліс аясында сергектік пен күш-жігер жеткіліксіз болды. Жарақатына байланысты Вороговский мен Эбонг матчқа қатыспады. Быстров ұзақ үзілістен кейін бірінші рет алаңға шықты. Көптеген қателік жіберілді, әсіресе бірінші таймда, оқу-жаттығу жиынының соңғы күні, соңғы матч, шаршау және т.б. жайттар болды, бірақ екінші жартысында біраз жерде қайрат, жігер, намысқа басып, қара күшке салып, ойынды аяқтауға тура келді.

– Неліктен мықты қарсыластармен кездесулер бірінен соң бірі өтті?

– Иә, бұл біз үшін мықты қарсыласпен қатарынан өткен үшінші матч болды, егер бірінші матчта, яғни «Краснодармен» өткен ойында физикалық тұрғыда өте жақсы көрінсек, келесі ойында команданың қатты күйзеліске түскені байқалды. Бірақ біз ойындарды қазіргі жағдайымызды ескере отырып, осындай мықты қарсыластарға қарсы қателеріміз бен осал тұстарымызды көре алатындай етіп әдейі жоспарладық. Осындай матчтарда сіз жетіле түсесіз және өсе бересіз. Бастысы, оқу-жаттығу жиыны өте жақсы өтті, клуб басшылығына жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және командаға жағдай жасағаны үшін рахмет айтамын!