Месси қандай музыка тыңдайтынын көрсетті

Месси қандай музыка тыңдайтынын көрсетті
Футбол

instagram.com/afaseleccion

Аргентина құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси өзінің плейлистіндегі әуендер тізімін көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Аргентиналық бұл туындыларды матчтар алдында тыңдайды екен.

Айта кетейік, Месси «Интер Майами» сапын еркін агент ретінде былтыр жазда толықтырды. Осы аралықта ол барлық турнирде 15 матчқа қатысып, 11 гол соқты және алты нәтижелі пас берді. Клубпен қолданыстағы келісімшарты 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасалған.

Transfermarkt мәліметінше, оның нарықтағы құны – 35 миллион еуро.

Бұған дейін Месси ПСЖ мен «Барселонада» ойнады.