«Жеңіс» сапына тағы бір косоволық ойыншы келеді

«Жеңіс» сапына тағы бір косоволық ойыншы келеді
Футбол

Futbolli Kosovar

25 жастағы косоволық жартылай қорғаушы «Дукаджини» Ильяс Зульфиу елорданың «Жеңіс» клубының сапын толықтырмақ. Бұл туралы Futbolli Kosovar сайтына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Ильяс Зульфиу Астананың «Жеңіс» сапына қосылады. 25 жастағы вингер Косово Суперлигасындағы үздік ойыншылардың бірі болды, - деп жазды дереккөз.

Зульфиу карьерасын Сербияда өткізіп, «Лугина», «Радник», «Пуковац» және «Озрен» клубтарында өнер көрсетті. Сонан соң Косовоның «Флямуртари» және «Малишева» клубтарында, Албанияның «Лачи» клубында ойнады. Ал оның соңғы жұмыс орны – «Дукаджини».

2023/24 маусымда Косово Суперлигасында 17 матчта үш гол соқты.

Бұған дейін елорда сапына косоволық шабуылшы Арби Манай қосылғанын жазғанбыз.